БАЛАБАҚША ТУРАЛЫ

1Мектепке дейінгі ұйымның атауы.  Түркістан облысы «Шардара ауданының бөлім бөлімі»  «Алтын білім» бөбекжай балабақшасы  Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
2Білім беру ұйымының орналасқан жері (заңды мекен-жайы және нақты орналасқан жерінің мекен- жайы)Түркістан облысы,Шардара ауданы, Қызылқұм ауылы, Ә.Молдағұлова көшесі №8 үй.
3Заңды тұлғаның байланыс деректері (телефон, электрондық пошта, webсайт)Ұялы телефон :8 (747) 905 23 80 электронды поштасы: akku.bb.14 @mail.ru https://www.facebook.com/share/16voMktTR7/  
4Заңды тұлға өкілінің байланыс деректері (басшының Т.А.Ә лауазымға тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесі)Кокишева Айнур Алихановна ЖШС «Алтын білім» бөбекжай балабақшасы 2021 жыл 01 сәуір № 43 бұйрығымен балабақша меңгеруші лауазымына тағайындалды.
5Құқық белгілейтін және құрылтайшылық құжаттары (жарғының және заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу не қайта тіркеу туралы анықтаманың/куәліктің көшірмесі қоса беріледі)Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы анықтамасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Заңды тұлға мемлекеттік тіркеуден өткен. БСН 181240006806 алғашқы мемлекеттік тіркеу күні 07.12.2018ж.
6Рұқсат беру құжаттары (білім беру қызметіне лицензия және оған қосымша және (немесе) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғаны туралы хабарламаны жіберу туралы талон)  Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғаны туралы 2021 жылғы 08 желтоқсан №KZ33RVK00037626 хабарлама берілген.
7Құрылған жылы1975 жыл.
8Типтік ғимаратекі қабатты типтік
9Топтар саны6 топ
10Балаларды оқыту тіліҚазақ тілі
11Жұмыс аптасының ұзақтығы5 күндік
12Ауысым саныТәрбиешілер: І ауысым
13МДҰ – ның жобалық әлеуетіБалабақша орны 140 балаға арналған. 02.02.2021жылы № X.12.X.KZ60VWF00036229 санитариялық -эпидемиологиялық қорытынды берілген. Құжаттар көшірмесі қоса жолданды.

     Балабақша ғимараты типтік үлгіде. Балабақша 140 орындық, қазіргі таңда 140 тәрбиеленуші жас ерекшеліктеріне қарай 6 топқа топтастырылған. Балабақша аптасына 5 күндік жұмыс істейді, сағат 8.00-бастап 18.30 сағатқа дейін, 10,5 сағат жұмыс жасайды. Қазіргі таңда 140 тәрбиеленуші 6 топқа «Қарлығаш» кіші тобы, «Балауса» кіші тобы, «Балдырған» ортаңғы тобы, «Балбөбек» ортаңғы тобы, «Айгөлек» ересек тобы, «Шұғыла» ересек тобына топтастырылған.

     Тәрбиеленушілер мемлекеттік тілде тәрбиеленуде. Балабақшада қабылдау бөлмесі, оқу-тәрбие, ойын, жатын бөлмелері, меңгеруші, әдіскер, психолог, бөлмелері, акт залы бөлмесі, медицина бөлмесі, кір жуу бөлмесі, асхана мен қойма бар. Материалдық-техникалық базасы стандартқа сай жабдықталған. Жылу жүйесі табиғи газбен жылытылады. Су, электр жүйесі орталықтандырылған. Балабақша өрт- дабыл түймешесінің автоматты хабарлау жүйесінің, оның ішінде ішкі дыбыстық хабарлау жүйесі және бейнебақылау камераларымен жабдықталған.

     Балабақшада медициналық кабинеті жұмыс жасайды. Медициналық кабинетте қабылдау бөлмесі, емшара бөлмесі, оқшаулау бөлмесі, санитарлық қағидаларға 12 қосымшаға  сәйкес құрал — сайман жабдықтармен жабдықталған.

     Балабақша ауласы көгалдандырылған, жеміс ағаштары егілген. Ауладағы ойын алаңы және топтарға арналған жазғы шатырлар өз дәрежесінде жабдықталған. Жеке топтарға арналған ойын алаңдары, балалар ойнайтын құралдар көлеңкелі қоршау орындығымен гүл алаңқайлары және балалардың денсаулығын нығайтатын, ойын құралдарымен жабдықталған спорт алаңы бар.

Балабақшаның арнайы бөлмелері:

  • Меңгеруші бөлмесі;
  • Әдіскер бөлмесі;
  • Психолог бөлмесі;
  • АКТ залы;
  • Теледидар – 7 дана;
  • Компьютер – 3 дана;
  • Ноутбук — 10 дана;
  • Принтер-3 дана.
  • Түрлі-түсті принтер – 1 дана

     Ата-аналар үшін топта «Денсаулық бұрышы», «Қауіпсіздік ережелері» жылжымалы папкалар безендірілген. Әр топта «Денсаулық» бұрышы,  «Ойыншықтар сөресі», «Кітап бұрышы», «Электронды кітап бұрышы», «Табиғат бұрышы», дамытушы кеңістік орта жасақталған.

    «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыру негізінде  «Ұлттық бұрыш» барлық топтарда жасақталған.